Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

OTAU TV ұлттық жерсеріктік телевизия желісінде (49-ыншы арна) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы базасында құрылған MUNARA TV республикалық рухани-ағартушылық телеарнасы ашылды, деп хабарлайды Baq.kz 

Бұдан былай ҚМДБ-ның телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы MUNARA TV телеарнасы арқылы таратылады.

«Енді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы MUNARA TV телеарнасы арқылы таратылады. MUNARA TV халықтың діни сауатын арттыруды, жас көрермен бойына имандылық, адамгершілік, патриотизм сынды құндылықтарды қалыптастыруды көздейді», – делінген діни басқарма таратқан ақпаратта.

Діни басқарманың төл телеарнасы мен радиосын ашу 2020-2025 стратегиялық даму бағдарламамызда жазылған. Болашақта MUNARA FM рухани-танымдық радиосын ашу жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button