Жаңалықтар

Шағын футболдан Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир өтті

Талдықорғанда шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында белгілі журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Бейсен Құранбекті еске алуға арналған республикалық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың басты мақсаты бір жыл бұрын мезгілсіз қайтыс болған танымал журналист, «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламаларының жүргізушісі Бейсен Құранбекті еске алып, ақпарат саласында жұмыс істейтін ізбасарлары арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамыту. Жетісу төрінде алғаш ұйымдастырылған жарысқа Алматы, Шымкент, Талдықорған қалалары мен Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан барлығы 8 команда қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button