Жаңалықтар

Жас ақындар жыр бәйгесі жарияланды

Биыл, ел тəуелсіздігіне 30 жыл! Радио дикторы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл! Қазақ радиосына 100 жыл!

Осыған орай, Қазақ радиосы мен Қазақстан жазушылар одағы » Еркін елдің ертеңі» атты республикалық жас ақындар мүшəйрасын жариялайды.

Жыр бəйгесіне 18 – 30 жас аралығындағы жас ақындар қатысады. Мүшəйра шарты бойынша қатысушылар шілде айының 15 – не дейін, Қазақ радиосына жəне Мұқағали ақынға, тəуелсіздік тақырыбына арналған үш өлеңін жолдауы тиіс. Өлеңдер Қазақ радиосының эфирінен оқылады. Үздік шығармалар арнайы жыр жинаққа еніп, жеңімпаздар бағалы сыйлықпен марапатталады.
Жыр бəйгесіне қатысып, бақ сынаңыздар!

Мекен жайымыз: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі 175 үй. Электронды поштамыз:qazradio100@gmail.com
Осы мекен жайға бүркеншік аттарыңызбен, байланыс телефондарыңызды жазуды ұмытпаңыздар!
Радиомүшəйра Алматы облысы, Райымбек ауданы əкімдігі мен » Amanat Qarasaz» қорының қолдауымен эфирге шығады.

Байланыс телефонымыз: 8-701-294-36-93

Басқа жаңалықтар

Back to top button