Жас толқын жазбасы

Қазақ тілінің қадірін қашырмайық!

Жаргон сөз дегеніміз – белгілі әлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ  топтардың басқаларға түсініксіз әрі бейәдеп  тілде сөйлесуі.  Жаргон сөзді жаттаңқы қылған жастардың саны жетерлік. Оны кез-келген жастар жиналған  ортадан байқауға болады.  Мысалы,  дос деудің орнына «брат» деген орыс тілдегі сөзді қолдану жастардың арасында кеңінен етек алған . Ал ол сөз «аға» деген мағына бермей ме?! Дос пен ағаның бұл жердегі қытысы қанша…

Тағы бір мысал, «құлаққа лапша іліп кетті», – деп айтады.. Тура мағынасында түсініксіз екені анық. Екінші жағынан өтірік айтып кетті деген мәнді білдіреді. Кейде біреудің әзілі күлкілі болмай, орынсыз сөйлеп кеткенде, «қумаш»,  немесе биылғы жылы орта буындағылардың арасында трендке енді дейміз бе, «шәймаш» деген қарсы тараптан айтқан адамның сөзін де жиі естиміз. Иә,  қумаш дегені-шектен шықпа дегені болып тұрғой.  Оны неге онда солай айта салмайды. Әлде жастар  сөйлегенде ерекшелік пен сөйлеп, әсер қалдыру үшін қолданады ма екен. Түсініксіз…

Қазақтың қасиетті ана, әке деген асыл сөздерді жастар – «мамка», «батя»  дегенде ашуым  келетіні рас. Түн ұйқысын төрт бөлген, қамқорлық пен тәрбие берген, барлығы балаларым үшін деп жүрген әке-шешенің  дәрежесін  осы сөздерге қор қылғаны ма?

Кез-келген адам мен қоштасқанда саубол, аман бол,  келесі кездескенше дегеннің орнына  “давай” дейміз. Бұл сөздің мәні, мүлде қоштасудың маңынада келмейді емес пе. Қазақ тілінде «алға» деген сөз болатыны да белгілі. Сондағы қоштасқанда, қазақша «алға» десек,  тіптен  cөздің сәні кетеді.

«Тоқетерін айтқанда», «негіздеп келгенде» деген қазақтың сөздік қорындағы сөздерді, «кароче», «опщем»  деп ауыстырып та алдық. Бұл да орыс тілінің сөздігінен кірігіп, жастардың одан сайын өз тіліне деген жанашырлығының жоғалуына себеп болады. Кешегі даналарымыздың: «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – дегені де естен шыққан. Жастарымыз заманауи бағыттың балшығына батып, шалшығында өмір сүріп жүр. Құбылыстағы құбылмалы жайттар олардың көздерін тұмандандырып, саналарын уландырып барады. Бұған қалай төтеп береді екенбіз.  Алдыңғы арба қалай жүрсе,  соңғысы солай қозғалатыны өтірік болғанығой. Әйтпесе қазіргі отызда орда бұзған, қырықта қамал алған ағаларымыз бен әпкелеріміздің  бұрындары санасында ондай болмаған.

Ернұр Дүйсенғазы

                                                                                                                                   Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

                                                                                                                                   1 курс студенті

Басқа жаңалықтар

Back to top button