Жас толқын жазбасы

Мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Ел мектептеріндегі қауіпсіздікті арнайы күзет мамандары қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев мәлімдеді.
Бүгінде 11 облыста 408 мектеп қана күзет компанияларымен шарт жасасқан. Алдағы уақытта білім беру мекемелеріндегі техникалық жабдықтау мен балаларды ғимаратқа кіргізу жүйесі өзгертіледі. Себебі, қазір білім беру ұйымдары террорлық әрекеттерге төтеп бере алмайды. Осы орайда барлық мектеп бейнебақылау камералары мен дабыл қағу жүйесін орнатуға міндеттелді. Айта кетейік, бұған Қазан қаласында болған оқиға түрткі болды. Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі мектептерде тыйым салған заттарды атады. Олар – қару, пышақ, кастет сынды бала өміріне қауіп төндітерін құралдар. Сонымен қоса жарылғыш құрылғылар, бүріккіш бояулар, пиротехника және газ құтыларын да әкелуге тыйым салынады. Осы категория бойынша Петропавлда инклюзивті білім беретін Ресурстық орталық ашылды.

Зере Алтынбек
Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақтоған ауылы
№4 Тілеміс батыр жалпы білім беретін мектептің 11сынып оқушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button