Жас толқын жазбасы

Бала тәрбиесіндегі басты қателік

Заман талабына сай ғаламторды пайдаланушылар саны күннен-күнге артып келеді. Бұлардың қатарында балабақша тәрбиеленушісінен бастап ересек адамға дейін қажеттісін ғаламтордан табатыны жасырын емес. Олардың барлығы дерлік ғаламтордан пайдалысын ғана алады десек қателескен болар едік. Осы бір ғаламтордың адамды өзіне еріксіз елітіп әкететін шым-шытырман ойындарының кесірінен талай жан қыршынынан қиылған. Ғаламтордағы ойындардың адамды өзіне бағынышты етіп алу, қатыгездікке тәрбиелеу, адам бойына жат қылықтарға бейімдеу, азғындықтың құзына итермелеудің алғы шарты осыдан басталады. Тіпті оны қолданушылар адамдарға деген аяушылықтан да ада болады. Виртуалды әлемде ғана өздерін жайлы сезінетін олар шынайы өмірдегі адамдармен қарым- қатынасты ұмытады. Осыған мыналар мысал болар еді.
2011 жылдың 12 шілдесінде болған оқиға. Ли Куан Чи атты қытай азаматы 2011 жылы болған «Mortal Kombat-тан әлем чемпионаты» турниріне қатысып, финалда орыс Николай Березовтан жеңіліп қалады.Қатты өкінген Чи үйдегі заттарының бәрін қопарып тастаған. Ол үйіндегілерді түгел қуып шығып, өзі жападан жалғыз отырған үйді өртеп жіберген…
Аталмыш жылдағы 3 қарашадағы оқиға да жан түршігерлік. Глэн Майкл есімді азамат өзінің ұлы Джек Майклдың сабаққа кеткенін пайдаланып, жеті бірдей STEAM (көбіне экшн жанрына жақын ойындар) аккаунтын өшіріп тастаған. Мұны көрген Джек үйдің сыртын бірнеше айналған да, басын қабырғаға соға бергеннен миы шайқалып, ауруханаға түседі. Бірақ ол 32 минут 51 секундтан кейін қайтыс болады…
Ғаламтор ойындары жайындағы жанталасудың жан түршігерлік жайттарының, өкінішке орай, бұл- шет жағасы ғана. «Өз бағыныштыларын» тәуелді еткені соншалықты, мұндай жаға ұстатар жайттардың саны артпаса азаймақ емес.
Бұған бір жағынан ғаламтор ойындарын кінәласақ, екіншіден ақсап жатқан бала тәрбиесін де айтпай кетпеуімізге болмас. Айтылған ойындарға қосылуға мүмкіндік жасайтын бірден-бір адам – ата-ана. Ең бастысы- балам ештеңеден таршылық көрмесе екен, мазамды алмаса екен, балам көше кезбей, тыныш қана үйде отырса екен деп ойлайтын ата-ана баласына өзі сұрағанын жасап беріп алаңсыз жүре береді. Осыдан отбасындағы бала тәрбиесінің жайы белгілі болмақ. Таңертеңнен кешке дейін жұмыста жүретін ата-ана, шын мәнінде, баласының ішкі жан дүниесінде не боп жатқанын аңғармайды. Осылайша баласының бақытты балалық шағын жоғалтқанын білмей қалады. Олай болса, елін сүйер, зиялы қоғамның бір бөлшегі болар азамат пен азаматшаны қаласақ бала тәрбиесінде абай болғанымыз жөн. Қатыгездіксіз балалық шақты бірге құрайық! Бала – біздің бақытты болашағымыз!

  • Жанерке Ақанова
  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті,
  • журналистика мамандығының 3 курс студенті

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button