Әріптес алаңы
Balapan телеарнасы «алтын батырмаға» ие болды

Бүгін біздің Алтын батырмамыз АҚШ-тан келді. Бұл батырма елге жеткенше қолданушыларымыздың саны тағы 250 мыңға артып кетті
Сонымен, қазіргі кезде біздің Balapan Телеарнасының Youtube желісінде 1 млн 250 мың тұрақты көрермені бар.

Өздеріңізге хабарлағанымыздай, біздің Youtube арнамызда өз өнімдерімізбен қатар, әлемнің озық мультфильмдері де қазақ тілінде жүктеледі. Мультфильмдердің интернет құқықтарын алу жағына да баса назар сала бастадық.
Бұл каналды интернеттегі қазақ тіліндегі контентке ең бай канал деуге болады. Телеарнадан бөлек, өзінше дамуға бет алған каналымыздың көрермені арта бергей! Осы іске зор үлес қосып жатқан ұжымды бүгінгі қуанышымен құттықтағым келеді!
«Balapan» Телеарнасы директоры Мақпал Жұмабайдың Facebook парақшасынан