Әріптес алаңы

Мәтіндегі қазақ орфографиясын тексерудің жылдам әдісі

Қызығы, Microsoft Word редакторында қазақ орфографиясын тексеру керісінше – 2000 жылдары оңайырақ болатын. Себебі ол кезде Office пакетінің пираттық нұсқасы кең тарады, сол кездегі статистика бойынша, Қазақстандағы пираттық софт көлемі 70% асатын. Word/Excel/PowerPoint жоқ компьютер некен-саяқ болды. Кез келген компьютерде Word болу ықтималдығы өте жоғары еді.

Қазір интернеттің кең таралуы себепті, софт лицензиясын қадағалау күшейді. Сондықтан, лицензия сатып алу керек. Office пакетінің ең қарапайым нұсқасы қазір шамамен 35 мың теңге тұрады. Өкінішке қарай, мұндай шығынды қолданушылардың көбінің қалтасы әзірге көтере бермейді.

Әрине, осы себептерден көптеген қолданушы OpenOffice, LibreOffice сияқты тегін пакеттер қойып алады. Алайда, қазақша орфографияны жөнді тексеру тарихи тұрғыда тек Microsoft Word редакторында дұрыс қалыптасып кетті. Әрі, салыстырмалы түрде сөздік қоры жаңарып отыратын да – сол Microsoft Word. Ендеше, бізде кез келген жерде Microsoft Word-ты тауып, соның орфография тексеру мүмкіндігін пайдалану мәселесі бар.

Шешім

Қазір біршама пошта сервелері Microsoft Word-пен онлайн жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Бізге керегі де осы. Yandex жүйесінің мысалында қазақ орфографиясын тексеріп көрелік.

1. Яндекстегі пошта болуы міндетті. Жоқ болса – аша салған дұрыс, дегенмен кең таралған іздеу жүйесінің бірі ғой, басқа да қажетіңізге керек болады.

2. Поштаңызға кіріңіз. Мәзірдегі Диск сілтемесін басыңыз:

2. Поштаңызға кіріңіз. Мәзірдегі Диск сілтемесін басыңыз:

3. Сол жақ бағандағы Создать төгілмелі тізімін басыңыз.

3. Сол жақ бағандағы Создать төгілмелі тізімін басыңыз.

4. Ашылған тізімнен Текстовый документ деген пунктті таңдаңыз.

4. Ашылған тізімнен Текстовый документ деген пунктті таңдаңыз.

5. Сізде келесідей – бос Word құжаты ашылуы тиіс:

5. Сізде келесідей - бос Word құжаты ашылуы тиіс:

6. Жоғарыдағы мәзірдегі Рецензирование пунктіне барып, екінші қатарда пайда болған панельдегі Правописание төгілмелі мәзірін ашыңыз.

6. Жоғарыдағы мәзірдегі Рецензирование пунктіне барып, екінші қатарда пайда болған панельдегі Правописание төгілмелі мәзірін ашыңыз.

7. Ашылған мәзірдегі Задать язык проверки правописания… пунктін басыңыз.

7. Ашылған мәзірдегі Задать язык проверки правописания... пунктін басыңыз.

8. Келесідей диалог терезе шығуы керек. Сондағы тілдер тізімінен казахский дегенді таңдап, Ok түймесін басыңыз:

8. Келесідей диалог терезе шығуы керек. Сондағы тілдер тізімінен казахский дегенді таңдап, Ok түймесін басыңыз:

9. Енді, әдейі қате жіберіп, қазақша бірдеңе жазып көріңіз.

10. Егер редактор қате тапса, астын қызыл толқын сызықпен сызады:

10. Егер редактор қате тапса, астын қызыл толқын сызықпен сызады:

11. Қате сөздің тұсына курсорды апарып, тышқанның оң батырмасын бассаңыз – қате деп танылған сөзді алмастыруға ұсынылатын сөзді/сөздерді көресіз:

11. Қате сөздің тұсына курсорды апарып, тышқанның оң батырмасын бассаңыз - қате деп танылған сөзді алмастыруға ұсынылатын сөзді/сөздерді көресіз:

Айтпақшы, Mail.Ru сервисінде де тап осылай жұмыс істеуге болады.

Ескерту

Әрине, ой жұмысын әзірге толық автоматтандыру мүмкін емес. Осындай, орфографиялық қате тексеру мүмкіндігінің болуы сізді өз қауашығыңызбен ойлау қажеттігінен еш босатпайды. Оның үстіне, Office пакетіндегі қазақ тілінің сөздік қоры «біртүрлі», кейде дұрыс екені айқын сөздің өзін қате деп көрсетуі, ал кейде – бұрыстығы бесенеден белгілі сөзді өтткізіп жіберуі мүмкін. Мұның барлығы – редактордағы қазақ тілі қорының сапасынан.

Орфографияны осылайша тексеру әдісін тек көмекші құрал ретінде ғана қарастырыңыз. Әйтпесе, мәтінді Google Translate-пен аударып бере салатын алаяқтардан айырмашылығыңыз болмай қалады.

Кімдерге көмегі тиеді?

  • Корректорларға, мәтінді «қаралай» оқу кезеңінде дөрекі қателерді айқындау үшін;
  • Әлеуметтік желіде әр сөзі аңдуда жүрген баспасөз хатшылары мен өкілдерге 😉
  • Журналистерге, блогерлерге, редакторларға;
  • Жалпы, сауатты жазғысы келетін кез келген адамға.

Ерлан ОСПАН, арнайы baqmedia.kz үшін

Басқа жаңалықтар

Back to top button