Әріптес алаңы

Түріктер қуатты дронмен қаруланбақ

Түріктер әскери дрондарға әбден «дәндеген» сыңайлы. Биыл жылдың аяғына дейін салмағы 5,5 тонна болатын Akıncı PT-3 дронын армияға бермек екен. Олар 24 сағат үздіксіз ұшып, 12 мың 192 метр биіктікке шығатын көрінеді. Сөйтіп Түркия осындай алып дрон жасайтын 4 елдің қатарына кіріпті. Жаңа дрон 1350 кг жүк көтере алады екен. Бұл дегеніңіз «әуе-әуе» класындағы америкалық AIM-120C-7/8 AMRAAM зымырандарынан 6 дана немесе «әуе-жер» класындағы AGM-114 Hellfire зымырандарынан кемі 20 дана көтере алады деген сөз. Әрине бұл жерде дронға зымырандарды орналастыру тетіктері мен оның ұшу қабілетіне әсері ескерілетіні сөзсіз. Мен тек жүк көтеру мүмкіндігін айтып отырмын. Қысқасы түріктер биыл жылдың аяғына қарай қуатты дрондармен қаруланбақ.
Ал армиясында қазір F-16 ұшағынан 245 дана бар. Bayraktar TB2 лер мен ANKA-S дрондарының саны 140 екен. Одан бөлек 500 ге жуық KARGU камикадзе дрондары, 200 ден астам мини дрон бар. Serçe дейтін 500 ден астам кішкентай дрондары тағы бар. Әрине олар атыс жасай алмайды. Бірақ түрік армиясы мен күш құрылымдарына түрлі деңгейде қызмет етіп жатыр олар.

Журналист Амангелді Құрметұлының Facebook парақшасынан

Басқа жаңалықтар

Back to top button