Әріптес алаңы

Шенді болсаңыз да шектен шықпаңыз…

Соңғы күндері бұрыш-бұрышта қызыл жағалылардың қаптап жүргенін өскемендіктер байқаған шығар. Бұған себеп – «Борышкер» деген жедел алдын алу шарасы. Тілші ретінде тәртіп сақшыларымен бірге рейдке шығып келдік жуықта. Сонда бір қызық болды. Айталық.
Біздің көзімізше жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі жеке құжаттарын сұраған полицейге «Өзіміз ғой» деп қызметтік куәлігін алып шықты. Сөйтсек, құқық қорғау органдарында қызмет еткені бар екен. Қазір зейнетте. Әскери шені – майор. Қасымдағы жол сақшысы бірнеше секунд үнсіз тұрып қалды. Осы сәтте әңгімеге араласып «Майор болсаңыз да заңды бұзуға болмайды ғой» деп едім, бұлқан-талқан боп боқтай кетті. Мұнысына қарағанда заңды белден басуға әбден еті үйренген секілді. Өзінің жазасыз кететініне сондай сенімді. Менен «Шенің қандай?» деп сұрағанда журналист екенімді айттым. Сасып қалды.
Содан барып бағанадан бері тыңдап қана-ақ тұрған полицейге бұрылдым да: «Қазір хаттама толтырмасаңыз мына рейдтен бөлек жеке сіз жайлы мақала жазамын» дедім. Сол кезде сақшымыз «Әрине, толтырамын. Заң бәріне ортақ қой» деді де сүт пісірім уақыт ішінде майорға айыппұл салып берді. Ашуы алқымына келіп тұрса да басқа лаж қалмағандықтан сыр білдірмеген әлгі майор хаттаманың соңына қолын қойды да көлігіне мініп кете барды. Көкейіме «Енді қасақана ереже бұза қоймайтын шығар» деген ой келді. Бірақ әй қайдам…
Журналист Талгатжан Мухамадиевтің Facebook парақшасынан

Басқа жаңалықтар

Back to top button