Әріптес алаңы

Пейіл

Осыдан неше жыл бұрын редактордың тапсырмасымен бір сұхбат алу керек болды. Аты дардай ағамыз үйіне шақырды. Сағат бестерде фотограф екеуміз бардық.
Үлде мен бүлденің барлығы бар үй екен.
Әңгіме ұзаққа созылды. Кеш батты.
Қарын ашты.
Осы интервью болмаса, казір үйде шәйімді ішіп отыратын едім, деген сияқты ойлар келе берді.
Фотографқа қарасам, олда мәз емес. Сонымен, су бар ма деп, су сұрап іштік.
Су құйылған стаканды үй қызметшісі әдемілеп подноспен әкелді. Керемет бір қымыз ішкендей болып сіміріп алдық.
– Пока так желудок обманем,- деп фотограф намек та тастады, шәй ішкісі кеп тұр, енді неше сағат отырмыз.
Ағамыз түсінбеді ме, арғы төр жақта жүрген бәйбішесінен батпады ма, үндемеді.
Сонымен, іш жабысып қалды. Тәмам, деп бітірдік.
Далаға шықсақ, тас қараңғы. Қыс кезі.
– Первый раз вижу казаха, зажавшего чай,- деп фотографым өкпелеп, суреттерін өңдемей бере салам деді.
Онда мен де өтірік жаза салам, әдемілеп, әрлемей дедім🤣
Ертесінде редакцияға келіп, ашу тарқаған, ұйқы қанып, қарын тойған ғой, екеуміз суретті де, материалды да жақсылап бердік.
Бірақ, сол кездегі сезім естен кетпейді.
Бір атым насыбайдан көңіл қалатын біз ғана емес, жалпы Қазақстанда тұратын барлық ұлттар ма деп қалдым)
Содан кейін сол ағамызды телевизордан, жиындарда көріп қалсам, басқа каналға қойып, не амандаспаудың амалын жасап жүрем.
Как-то не хочется бар ғой уже😅
Оразада осындай оқиғалар еске түсетіні несі? А?

Журналист Зарина Москаудың Facebook парақшасынан

Басқа жаңалықтар

Back to top button