BaqMedia күнтізбесі

«31 арна» 30 жылдыққа қадам басты

31 арна — жалпыұлттық қазақстандық коммерциялық телеарна. Қазақстандағы ең табысты әрі танымал телекомпания. 1992 жылы 12 сәуірде «31 арна» хабар тарата бастады 2001 жылдың 1 ақпанында ТРК «31 арна» Қазақстанның 14 қаласында жалпыұлттық тележелісін құрды.

«31 арна» эфирінде қазақ және орыс тілдерінде жаңалықтар, тақырыптық және көркем фильмдер, сериалдар ток-шоу, балалар хабарлары мен мәдени-тарихи және ойын-сауық бағдарламалар беріледі. Сапалы әзіл-оспақ жобалары – «31 арнаның» мақтанышы. Қазақ тіліндегі тұңғыш «Әзіл студио» әзіл-оспақ қойылымдары – үш жыл бойы көпшіліктің көңілінен шығып келеді. 2011 жылдың күзінен көрсетіле бастаған «Алға, жастар» әзіл-оспақ жобасы бірден көрерменін баурап әкетті.

«31 арнаның» жаңалықтар қызметі осы уақыт аралығында «Информбюроның» форматы бірнеше рет өзгерді, жаңа айдарлар пайда болды, жүргізушілері ауысты. Бағдарлама еліміздегі кәсіби журналистердің бірнеше толқынын дайындап шығарды. Олар еліміздің саяси және қоғамдық өміріне белсенді араласып, күннің ең өзекті мәселелерін көтерді, маңызды шешімдердің қабылдануына ықпал етіп, жүздеген мұқтаж жандарға көмегін тигізді. Бүгінгі күні де «Информбюро» журналистері өзектілік, өткірлік, сараптама және соны жаңалықтар дайындауды бірінші міндетім деп біледі. Ақпаратты әділ беру, оқиғаларды жедел жария ету, пікір алуандылығы және жарқын бейнелер – «Информбюро» жаңалықтарының басты ұстанымы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button