Әріптес алаңы

Ерқанат Көпжасарұлы: А.Цойдың «командасы» кінәлі!

Президенттен бастап депутаттар Цойдың жұмысын сынады. Вакцинацияның дұрыс жүргізілмей жатқаны һәм екпеге қатысты түсіндірме жұмыстарының тым нашар екені қайта-қайта айтылып жатса да денсаулық сақтау министрлігінің ашық ақпарат таратуға ешқандай зауқы жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі әбден бюрократияланып кеткен. Қарапайым пікір алудың өзі журналистер үшін арманға айналды. Баспасөз хатшысы журналистерге көмектескеннің орнына барынша барьер болғысы келетіндей. Әлде министрдің тапсырмасы сондай ма?! Ешқандай байланысқа шыққысы келмейді. Мына түрімізбен ел түгел екпе алады дегенге сену қиын. Жаппай вакцинациялаудың быт-шыты шығады. Себебі жұрт вакцинаға сенбейді. Ал оған тек қана Алексей Цой мен оның «командасы» кінәлі!!! Түсіндірме жұмыстары жүргізілмейді, Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жоқ.

Журналист Ерқанат Көпжасарұлының facebook парақшасынан

Басқа жаңалықтар

Back to top button