Әріптес алаңы

Жазған ақпаратымның өзіме де пайдасы тиді

Белгілі журналист Талғат аға Батырхан ылғи айтады: «кішкентай ақпарат жазсаң да жұртқа пайдасы тиетіндей етіп жаз» деп. Сол айтқандай, бүгін көлік салығына байланысты «Егеменге» жазған шағын ақпаратымның өзіме де пайдасы тиді). Салық қызметкерлердің айтуымен телефоныма «E-Salyq Azamat» қосымшасын жүктеп алып, көлік салығын тексермеймін бе? Менің атыма тіркелген жалғыз көлікке 129 мың 300 теңге есептелген ғой бір жылға😱. Дереу Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысының орынбасары Олжас Отарға хабарластым «бұл не сұмдық?» деп. Ол ІІМ-не хабарласу керектігін, олар берген дерек бойынша салық есептелетінін айтты. Ал ІІМ «біздің еш кінәміз жоқ, атыңызда жалғыз машина тіркелген, ал салықты біз есептемейміз» деді. Қайтадан салыққа телефон соқсам, олар «жалғыз машина тіркелгені туралы анықтама алып келіңіз, салықты қайта есептейміз» деді. Шақшадай басым шарадай болды. Сонда адамды осылай әуре-сарсаңға салып қоятын болса, электрондық үкімет, цифрландыру, үйден шықпай-ақ анықтама алу дегеннің бәрі қайда қалды?! Мұндай күйге түскен мен ғана емес екенмін, Зарина Москау деген әріптесіме де атам заманда сатылып кеткен көлігіне салық келіпті…Чаттағы әріптестеріміз «салық келді ме, төлеп барып құтыласыңдар» деп жатыр. Сонда кім ауадан ақша жасап, қарапайым салық төлеушінің қалтасын қағып отыр: ІІМ ме, Мемлекеттік кірістер комитеті ме? Олардың «екі ведомствоның ақпараттық жүйесін біріктірдік» дегені осындай қойыртпақ дүние ме? Кімге, қандай мөлшерде салық келді, тексеріп көріңіздерші…

Журналист Қымбат Тоқтамұраттың Facebook парақшасынан

Басқа жаңалықтар

Back to top button