Әріптес алаңы

Дулат Орынбасарұлы: Жаңа телеарнаға жарқын болашақ тілеймін!

Түркістан телеарнасы эфирге шыққалы қалдырмай қарап жүрмін, үйде де, жұмыста да Отау тв-дағы 43-канал қосулы.
Аз уақытта маң даладан медиа орталық тұрғызып, облыстық емес, республикалық емес алты жылдан бері мемлекет басшылары деңгейінде айтылып жүрген түркітілдес елдердің Халықаралық телеарнасы ретінде эфир тарату оңай шаруа емес.
Дегенмен Түркістан телеарнасы бірден биікті бағындырды, сол биікті бір сәтке түсірмей ұстап тұр.
Шапкалары мен перебивкалары, анонстары мен дыбыстап-безендіруі өте жоғары деңгейде, демек осындай сапалы дүниелер жасауға мүмкіндік беретін техникалық жабдығы да жаман емес.
Шығармашылық құрам жас болса да сайдың тасындай іріктелген екен. Танымдық сюжеттерді стендаппен майпаздап беруді мықтап меңгеріпті немесе шұғыл шеберлік сағатынан өткен ау шамасы.
Телеарнаның тірек-діңгегі — Жаңалықтар қызметі де ашылғанына алты күн болған телеарна үшін өте жоғары деңгейде шығып жүр.
Әлеуметік желілердегі парақшалары мен телеарна сайты да (сайтты аша алмадым) енді қарқын ала жұмыс істей бастаса керек.
Ақпарат алаңын жарқ етіп жарып шыққан жаңа телеарнаға жарқын болашақ, әріптестерге шығарашылық табыс тілеймін.
                                                                                                              ДУЛАТ ОРЫНБАСАРҰЛЫ АБИБУЛЛАЕВ                                                                                                «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Бас редакторы- «Қазақ радиосы» радиоарнасының директоры

Басқа жаңалықтар

Back to top button