Әріптес алаңы

«КАРАНТИН» ДЕГЕН СӨЗ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ?

                                                       НЕГЕ 40 КҮН?                                                                                        Астана 1 жылдан  соң, тағы қайталап карантинге жабылып жатыр. Осы арада карантин сөзінің шығу тарихына тоқтала кетсек. Бұл сөз итальянша «quarantа» дегеннен шыққан, «қырық» деген санды білдіреді. Оның тарихы былай: ХІІ ғасырдың соңына таман, ОБА ауруы өршіп, күллі әлемге тарады. Бұл пандемия кезінде адамзаттың 60% қырылып қалды. Әркім әлі келгенше, ауруға қарсы шара ойластырып жатты. Сол уақытта Венеция мемлекеті, келген кемелер порт аумағына кіру үшін 40 күн ашық теңізде, шамамен, жағалаудан 4 шақырым алыста тұруға мәжбүрлейтін заң қабылдады. «Карантин» деген ұғым – кемелерді 40 күн порт босағасында қаңтарып қою дегенді білдіреді.

40 күннен кейін кеме бортына дәрігерлер көтеріліп, барлық адамды тексеруден өткізген екен. Елге кіруге тек дені сау адамдар ғана рұқсат алып, науқастардың барлығы «Лазаретто» деген аралға жіберілген. Сіз бен біздің құлағымызға үйреншікті болып кеткен «Лазарет» деген сөз де содан шыққан.

                                         ҚЫРҚЫМЫЗДАН ҚАШАН ШЫҒАМЫЗ?                                                              Неге карантинге 40 күн таңдап алынды? Неге толық бір ай емес, неге 6 апта?

Ғалымдардың бір парасы, сырттан келгендерді «қырық күн» ішке кіргізбей сыртта ұстау, Шығыстан келген идея, деп біледі. Нақтырақ Алтын Орда көшпенділерінен келген. Өйткені, оба аурының ауыр соққысына алғаш тап болған да, соған қарсы айла-шарғы ұйымдастырған да осы номадтар еді. Қырық саны – көшпенділер үшін символикалық цифр ғана емес. Медициналық астары бар. Қараңыз, көшпенді өмір кешкен қазақтар арасында жаңа туған сәби мен анасын 40 күн бойына үйден шығармайтын, сырт көзге көрсетпейтін әдет бар. Қазіргі зерттеулер бойынша, тек 6 аптадан кейін ғана сәбидің имунитеті өзге адамдармен еріп келетін түрлі микрбо-бактерияға қауқарлы болады екен. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының айтып отырған 6 апта дегені, біздің 40 күнге дөп келіп тұр емес пе? Микроб, бактерия, вирус дегеннің не екенін білмесе де көшпенділер адам өмірін сақтау үшін осындай іс-әрекет жасап, соның арқасында халықтың біраз бөлігін аман сақтап қалып отырған.

Сәбиге қолданып келген «қырқынан шығару» қағидатын көшпенділер пандемия кезінде жолаушылар мен көпестерге қолдана бастаса керек. Жәнібек ханның орыс кінәздәрі 40 күн, Ордадан аулағырақ маңда күткен екен. Неге хан өзіне қабылдамай жатыр,- деген сұраққа сарай қызметкерлері: «Во все дни доколе у вас быти чума, нечисты вы. Вы должны жить отдельно, вне стана жилище его»,-деп жауап беріпті.

Сондай-ақ ауру анықталған ауыл-аймақтарға қарулы қарауыл, 40 күн бойы ешкімді кіргізбей, ешкімді шығармау тәсілдері де, осы Алтын Ордадан басталған. Бұл жайында, митрополит Алексийдің жылнамаларында тәптіштеп жазылған.

«Эпидемия ел арасында тараған кезде, ауруға шалдыққан ауылдар қара жалау көтерген. Мұны көрген круендер ондай елді мекендерді айналып өткен. Науқас жатқан үйге адамдардың кіруіне тыйым салынып, оған киіз үйдің бұрышынан тамақ берілген. Дертті далаға шығарылмаған. Керек болса, оны байлап тастап, баққан». Ерік Әбенұлы, айтпақшы аурудың инкубациялық кезеңі 2 апта емес, 6 аптаға  дейін созылатыны мәлім болып тұр. Карантин, локдауынның негізгі мақсаты – инфекцияның адамнан адамға жұғуын тоқтату.

Журналист Нұрбек Бекбаудың Іnstagram парақшасынан

Басқа жаңалықтар

Back to top button