Әріптес алаңы

Көрісу күні қарсаңындағы кездесу

Көрісу күні қарсаңында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы бірқатар журналист, блогерлермен кездесіп, еркін форматта әңгімелескен еді. Кездесуде журналистер мен блогерлер Әлихан Бөкейханның 155 жылдығын атап өту, ішкі туризмді дамыту, кітапханаларды жаңалау, спорт саласындағы мәселелер, кинематография және заң, қазақша youtube арналарын дамыту, т.б. өзекті мәселелерді көтеріп, өз сауалдарына жауап алды. Ақтоты Райымқұлова мәдениет, спорт бағытында атқарылып жатқан шаралардың маңызына тоқталды. Сондай-ақ, бұл бағытта қалам тербетіп қана қоймай, нақты жобалармен айналысып жүрген танымал азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады. Олардың қатарында «Түркістан» газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай, «Argymaq» сайтының бас редакторы Ержан Жаубай, «Хабар» арнасының жүргізушісі Жігер Сәрсен, «Белгісіз Қазақстан» блогының авторы Диас Камериданов, IT маманы Аршат Ораз, блогер Алмас Тоқабаев, «KazakhNews» сайтының директоры Доган Йылдыз, «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім редакторы Қымбат Тоқтамұрат, «Elorda info» желілік басылымының бас редакторы Ерлан Оспан, журналист, документалист Алмас Алтай, «Elorda akparat» ЖШС директоры Ержан Жүніс, «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан, «Аikyn.kz» сайтының редакторы Асқар Беков, блогер, тележурналист Дәулет Мұқаев, блогер Айгерім Ализакова бар. Журналистер мен блогерлер Ақтоты Райымқұловаға алғысын білдірді. Өз кезегінде министр жиналған азаматтарды алда келе жатқан Көрісу күні, Наурыз мерекелерімен құттықтады.
P.S. Алғыс хат алғандардың қатарында Мәлік Отарбаев мырза басқаратын Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының баспасөз хатшысы мен де бармын 😊 Ал құтты болсын!

Журналист Камшат Тасболаттың Facebook парақшасынан

Басқа жаңалықтар

Back to top button