Жаңалықтар

«Астана» арнасының тілшісін полицейлер соққыға жыққан

Шымкентте «Астана» теларнасының тілшісі Бахрамбек Тәлібжановты полицейлер соққыға жықты, деп хабарлайды «Әділ сөз» қоры.

2 наурызда Шымкенттегі ірі қоймалардың бірі өртке оранған еді. Журналист оқиға орнынан репортаж жасамақ болады. Бірақ тәртіп сақшылары видео түсіруге кедергі жасаған.

«Үш полицей Бахрамбек Тәлібжановтың қолын бұрап, біреуі бетінен, кейін бүйрек тұсынан соққы жасады. Осы уақытта Бахрамбектің әріптесі 31-арна тілшісі Бахром Әбдуллаев келді. Ол оқиғаны телефонға түсіре бастады. Кейін журналистерді Абай аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді», — деді қорда.

«Астана» арнасының тілшісі болған оқиғаға байланысты арыз жазған.

Шымкент полиция департаментінде қызметтік тексеріс басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button