Жаңалықтар

«Астана» радиосына жаңа директор тағайындалды

"Қазақ радиолары" ЖШС директоры Ернұр Бураханның бұйрығымен Танашева Сымбат Талғатқызы "Астана" радиосының директоры болып тағайындалды.

Сымбат Талғатқызы  2002 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Ақпарат саласындағы  еңбек жолын 2002жылы  Қазақ радиосында редактор-жүргізуші қызметінен бастаған.

2004-2006жылдары «Авторадио» радиостанциясында  бағдарламалар жүргізушісі қызметін атқарды. 2006 жылдан бері «Астана» радиосында редактор-жүргізуші. Осы уақыт ішінде журналист  радиода түрлі бағыттағы хабарларды  дайындап,жүргізген. Олардың ішінде «Мен қазақпын», «Тағдыр сыйы», «Нағыз қазақ», «Сөз орамдары», «Тіл – татулық тірегі», «Шаңырақ», «Жұлдызды Астана» хит-шеруі, «Радиоконцерт» жобасы, «Әнтұмар», «Кеш жарық», «SoyleKZ»  және басқа да жанрдағы хабарлар мен шоу-бағдарламалар бар.Бұлардың  әрқайсысы радионың дамуы мен имиджін қалыптастыруда қомақты үлесі бар, жоғары деңгейде дайындалған  хабарлар.

Сымбат Талғатқызы –  радионың сөйлеу мәнерін екі тілде еркін меңгерген,креативті талғамы бар, тікелей эфирде өзіне тән стилі қалыптасқан қарымды журналист.Сондай-ақ, «Ақпарат саласының үздігі» атағына ие болған,«Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты атанған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button