Жаңалықтар

​​​​​​Қазақ радиосының қамту аймағы кеңейді

Қазақ радиосының 100 жылдығына тамаша тарту

Қазақ радиосының 100 жылдығына тамаша тарту, 630 мыңнан астам тұрғыны бар Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының шекара маңындағы 400 елді-мекенге Қазақ радиосын тарту жұмыстары басталды. Бұл туралы ​​​​«Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Ернұр Бурахан Facebook парақшасында хабарлады.

​​​​«ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен шекара маңындағы аудандарда Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін радиостанциялар желісін кеңейту туралы шешімі негізінде радиохабар таратудың мемлекеттік желісін дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді.

Осы жұмысты жүзеге асыруға атсалысқан «Қазақстан» РТРК және Серіктестіктің қызметкерлеріне нәтижелі еңбегі үшін алғыс айтамыз.

Биыл эфирлік хабар тарату бойынша алғашқы және ең ауқымды радиоарна – «Қазақ радиосы» 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Қазір «Қазақ радиосы» еліміздің 89% аумағында хабар таратады және Қазақстанның барлық шекаралас аудандарын да қамтуды жоспарлап отыр»,- деді Ернұр Бурахан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button