Жаңалықтар

Ақтөбе облысында ақылы жол іске қосылады

Ақтөбе облысының Ырғыз және Әйтеке би аудандарында «Қарабұтақ-Қызылорда» автожолында «ақылы жүйені» енгізу бойынша алғашқы қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды Baqmedia.kz

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері ақылы жол қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол жабынына тұрақты күтім жасау үшін енгізілетін, сондай-ақ, аталмыш жолда жеңіл көлік иелері жол жүру ақысын төлеуден босатылатынын атап өтті.

Ұзындығы 661 км болатын күре жол Ұлы Жібек жолын – «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» дәлізін жаңғырту жобасының бір бөлігі болып табылады. Тасжол 40 елді мекен арқылы өтіп, оңтүстік аймақтарды республиканың солтүстік-батысымен байланыстырады.

Бұрын бұл жолда асфальт төсемі, сондай-ақ, қыс және жаз мезгілінде жүргізушілер мен жолаушылардың демалуына жағдай жасайтын жол бойындағы сервис болмаған.

Енді бұл ІІ және ІІІ техникалық санаттағы жайлы асфальт төселген автожол, «ҚазАвтоЖол» ақылы жүйені енгізу аясында қозғалыс қауіпсіздігін және жол бойындағы сервис пен шағын бизнесті жүргізу үшін қажетті көлік инфрақұрылымын құруға ниетті.

Сонымен қатар, бағдарламалық-аппараттық кешен құрылғыларының негізгі артықшылықтары мыналар:

1) автожолдарда қауіпсіздікті арттыру;

2) автожолдарды күтіп-ұстау сапасын реттеу;

3) автожолдарды автоматтандыру;

4) көлік құралдарының жылдамдығын бақылау арқылы жол-көлік оқиғаларын азайту;

5) Мониторинг орталығына ақпарат беру арқылы автожолдардың жүру бөлігін тұрақты түрде бақылау;

6) жол бойындағы сервис сапасын жақсарту;

7) транзиттік жүк тасымалдарының қарқындылығын ұлғайту, бұл сәйкесінше мемлекеттік бюджетке түсімдерді көбейтіп, ҚР әрбір азаматының өмірін жақсартуға бөлінетін қаражат мөлшерін арттырады.

Жақын арада Қарабұтақ-Қызылорда жол учаскесінде тестілік режимде ақы алудың «ашық» жүйесін іске қосу жоспарланып отыр. Қоғамдық тыңдауда жүйенің жұмыс тәртібі, сондай-ақ ақы төлеу тәсілдері мен Қазақстан Республикасының ақылы автомобиль жолдары саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормалары түсіндірілді.

Атап айтқанда, осы учаскеде тестілік режимде 7 бақылау аркасы және клиенттермен жұмыс орталығы іске қосылғандығы атап өтілді. Ашық жүйенің артықшылығы – жол бойында шлагбаумдардың болмауы, бұл сәйкесінше көлік ағынының жылдамдығын төмендеуіне, сондай-ақ кептелістердің пайда болуына жол бермейді. Бұл ретте жол жүру  ақысы алдын ала төлеу немесе қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылатын болады.

Жеңіл автокөлік иелері үшін жағымды жаңалық: «Қарабұтақ-Қызылорда» учаскесі ІІ және ІІІ санаттағы жолдарға жататындықтан, жол жүру ақысы тек коммерциялық жүк автокөліктерінен ғана алынады.

Сондай-ақ, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын арнайы автокөлік құралдары (өртке қарсы, авариялық-құтқару және жол-патрульдік қызметтері, жедел медициналық көмек ұйымдары, әскери мекемелер), қала маңындағы немесе ауылдық жергілікті автобустар да төлемнен босатылады.

Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» өкілдері автожолдарда ақылы жүйені енгізу – жалпы әлемдік тәжірибе екенін және елімізде «Нұр-Сұлтан–Щучинск» автобанында өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. 7 жыл бойы аталмыш тасжолы жол жүру алымдар есебінен ғана өзін-өзі қамтып, мемлекеттік бюджет қаражатын басқа да әлеуметтік маңызды мақсаттарды іске асыру үшін үнемдеді. Айта кетсек, алғаш ашылған  ақылы учаскесінде бүгінде жол жүру тарифтері өзгермеді.

Ақылы жолдың барлық артықшылықтарын ескере отырып, Үкімет тарапынан республикалық маңызы бар тағы 3 ақылы жолды іске қосу туралы шешім қабылдады. 2019 жылдың қаңтарында «Нұр-Сұлтан-Теміртау», «Алматы-Қапшағай» және «Алматы-Қорғас» ақылы жолдары іске қосылды.

Сол жылы табысты тәжірибенің негізінде 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада 4 жыл ішінде республикалық маңызы бар 11 мың шақырым жолды, оның ішінде 2021 жылы 6 мың шақырымға жуық жолда «ақылы жүйе» енгізу көзделген.

Тәжірибе мен уақыт Нұр-Сұлтаннан Щучинск қаласына жету бірнеше есе жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз екенін көрсетті. Жолдың сервистік қызметі – жолды және жол бойындағы инфрақұрылымды қоқыстан және қардан тазалауды жедел жүзеге асырады, асфальт жабынының, көпірлердің, жарықтандыру бағаналарының, жол белгілері мен таңбаларының жай-күйін бақылайды. Сондай-ақ, жол бойындағы қауіпсіздік және жүргізушілерді қауіптілікпен ауа райы жағдайлары туралы хабардар ету жүйелерін үнемі жетілдіріп отырады.

Осындай сервистік қызмет Қарабұтақ-Қызылорда жолында да пайда болады. Жүк көліктерінің ақы төлеу есебінен жол учаскелерін тәулік бойы патрульдейді, жол жабынының ақауларына жедел әрекет етеді, техникалық проблемалар туындаған кезде жүргізушілерге көмек көрсетеді. Бұдан басқа, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инновациялар белсенді енгізіліп, саяхатшылардың өркениетті демалысы үшін жағдайлар жасалатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close