Жаңалықтар

ШҚО-ның қай аумақтарында коронавирус өршіп тұр

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов өңірдің қай аумақтарында коронавирусты жұқтыру жағдайлары көбейгенін айтты, деп хабарлайды Baqmedia.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бізде тиісті оқшаулау орталығы бар және ол қазіргі кезде қызмет етіп келеді. Менің орынбасарым таңғы сағат 7:30-да, мен өзім сағат 11:00-де және 19:00-де бас дәрігерлермен, әкімдермен кеңес өткіземін. Сонымен қатар сағат 22:00 мен 23:00 арасында жеке аудандар ағымдағы жағдайға байланысты баяндайды. Қазір коронавирусқа шалдығу деңгейінің өсуін Өскемен, Алтай, Риддер қалаларында және Глубокое ауданында тіркеп жатырмыз», – деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол өңір тұрғындары көбіне қай жерлерде індетті көп жұқтыратынын айтты.

«Тұрғындар негізінен адамдар көп жиналатын орындарда, яғни қоғамдық көлікте, қоғамдық орындарда жұқтырғандықтан, тиісті шектеуді енгіздік. Ірі кәсіпорындарда КВИ-ді жаппай жұқтыру оқиғалары болмады. Мәселен, «Қазцинкте» 104 адам ауырды, алайда бұл індет басталғаннан бергі көрсеткіш», – деді Д. Ахметов.

ШҚО басшысы бүгінгі баспасөз мәслихатында, сондай-ақ оқушылардың коронавирус жұқтыру жағдайларына түсінік берді. Өңірдің даму деңгейіне қатысты мәліметпен бөлісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close