Жаңалықтар

СҚО-да кезекте тұрған 186 отбасы баспанаға ие болды

Петропавлдағы Первомай көшесiнде халықтың әлеуметтiк тұрғыда аз қамтылған азаматтарға 2 көп қабатты үй салынды. Қоныс тойын 186 отбасы тойлап жатыр. Бұл жетiмдер, толық емес отбасылар, мүгедектер, ауған соғысының ардагерлерi және көп балалы отбасылар, деп хабарлайды Baqmedia.kz.

«Бұрын бұл жерде 4 апатты екi қабатты үй тұрған едi. Бұл үйлердiң тұрғындары тұрмыстық жағдайларын жақсартып, жайлы пәтерлерге ие болды», — деп жазды өз парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов.

Жалпы, облыста биыл 3 мың пәтер салынады, оның 625 пәтерi мұқтаж азаматтарға арналған. 11 мың солтүстiкқазақстандық қоныс тойын тойлайды. Өңiрдегi 125 көпбалалы отбасы көптен күткен баспанаға ие болады. Биыл аудандарда кезекке тұрғандарға арналып 7 көпқабатты үй салынды.

2021 жылы «Береке» ықшам ауданында 556 пәтерлi 5 көп қабатты үйдiң құрылысы аяқталады. Бұл 130 көпбалалы отбасы мен әлеуметтiк топтардағы 400-ден астам отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close