Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауыты зиянды қалдықты табиғатқа тастаған

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Атырау облыстық экология департаменті жергілікті қоғам өкілдерімен бірге Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Baqmedia.kz ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің  Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Тексеру барысында “Атырау мұнай өңдеу зауыты” ЖШС ағын су шығарындылары нүктесінде құрамында мұнай өнімдері көп қалдық тасталғаны анықталды.

Жылдам әрекет ету мақсатында облыстық Экология департаментінің зертханалық-сараптамалық бөлімі қалдықтардың сынамасын алды. Алынған сынамалар әрі қарай анализ жүргізуге жіберілді.

Қазіргі уақытта «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ға қатысты жоспардан тексеру жүргізуге қатысты дайындық іс-шарасы жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close