Жаңалықтар

ШҚО-да бір тәулікте 245 адам коронавирус жұқтырды

Осы тәулікте облыста КВИ-дің 245 жағдайы тіркелді, оның ішінде 201 (82%) симптомдық және 44 (18%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар, деп хабарлайды Baqmedia.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, осы тәулік ішінде COVID–19 сәйкестендірілмеген (пневмония) 3 жағдай анықталды. Оның барлығы Жарма ауданында тіркелген.

КВИ-дің жаңа 245 жағдайының ішінде:
– 72 Өскемен қаласында (58 с, 14 с/з);
– Семей қ. 45 (41 с, 4 с/з);
– 45 Глубокое ауданында (Глубокое кенті – 14) (35 с, 10 с/з);
– 35 Алтай ауданында (Алтай қаласы-16) (24 с, 11 с/з);
– Риддер қаласында 30 (28 с, 2 с/з);
– 6 Катонқарағай ауданында (Үлкен Нарын ауылы – 3) (6 с);
– 5 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қ. – 1) (5 с);
– 2 Бородулиха ауданында (Бородулиха ауылы-0) (2 с/з);
– 2 Жарма ауданында (Қалбатау ауылы-2) (2 с);
– 1 Курчатов қаласында (1 с);
– 1 Ұлан ауданында (Қасым Қайсенов кенті – 1) (1 с/з);
– 1 Тарбағатай ауданында (Ақсуат ауылы-0) (1 с);

Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 7060 адам инфекциялық стационарлардан шығарылды, 3617 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.

Осы тәулікте сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 38 адам стационарлардан шығарылды: Өскемен қаласы-25, Зайсан -6, Алтай -2, Көкпекті -1, Катонқарағай -3, Шемонаиха -1.

Жазылғандардың жалпы саны 10677 науқасты құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close