Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанға келген ПТР анықтамасы жоқ 35 жолаушы карантин стационарына жіберілді

Нұр-Сұлтанға келген ПТР-анықтамасы жоқ 35 жолаушы стационарлық карантинге жіберілді, деп хабарлайды Baqmedia.kz Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 қарашадан 2 қарашаға қараған түні елорда әуежайына “Эйр Астана”, Belavia, Turkish Airlines авиакомпанияларының бес ұшағы қонды. Барлығы 674 жолаушы ұшып келді. Олардың 35-інде ПТР-тесті жоқ болғандықтан олар стационарлық карантинге жіберілді.

ПТР талдауын тапсырғаннан кейін дені сау адамдар үйлеріне жіберіледі, ал науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Бұл ретте халықаралық транзиттік жолаушыларға транзиттік аймақтан шығуға тыйым салынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close