Видео

Қазақстандық жастар шетелге кетуге неге құмар?

Қазақстан мұнай сервистік компанияларының одағының төралқа төрағасы Рашид Хасенұлы “Inform Media” ақпараттық агентігіне шетел асқан жастар туралы пікір білдірді.

Отанынан жыраққа ұмтылған жастардың қарасы соңғы жылдары күрт көбейген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әрбір үшінші қазақ баласы шетелге кетуге бейім екен.

“Егер жастардың білімі мен талабына сұраныс жақсы болса, интеллектісін шетелде жақсы бағаласа неге бармасқа?”,- дейді Рашид Хасенұлы.

Жастарды шетелге кетуге итермелейтін жағдай мемлекеттің адами капталдың құндылығын толық мойындамауы деп түсіндірді.

Кейіпкеріміз шетелге кетіп жатқан жастар экономикасы дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірбиелерін алып ,болашақта отанына қайта оралатынына сенімді.

Тіл үйреніп, басқа елге барып табыс тауып келіп жатқан жастар үшін қуанатын Рашид Хасеновтың толық сұхбатын Inform Media ақпараттық агентігінің YouTube арнасынан көре аласыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close