Жаңалықтар

А. Балаева Қырғыз Республикасының Елшісімен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесті, деп ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Әңгімелесу барысында министр қырғыз тарапын Қырғыз Республикасының Президенті сайлауының және елдегі басқару нысанын айқындау жөніндегі референдумның табысты өтуімен құттықтады.

Сондай-ақ, Министрліктің пандемия жағдайында жүргізіліп жатқан жұмысы туралы қысқаша таныстырып өтті, атап айтқанда, теледидар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, бірлескен фильмдер түсіру перспективалары талқыланды.

Өз кезегінде қырғыз тарапы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ медиаконтент өндіру және сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету, орталық коммуникациялар қызметінің жұмысы бөлігіндегі қазақстандық тәжірибені зерделеуге қызығушылық білдірді.

Бұдан басқа, тараптар екі республиканың Тәуелсіздік алған 30 жыл ішіндегі жетістіктері туралы деректі фильмдерді екі елдің мемлекеттік телеарналарында көрсету үшін өзара алмасуға келісті.

Тараптар өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ниет білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button