Жаңалықтар

Жыл басынан бері 9 мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізілді – ҚР ІІМ

Карантиндік шектеулердің сақталуын бақылау бойынша 1 мыңнан астам мобильді топтың қатысу жұмысы жалғасуда. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам рейдтік іс-шара өткізілді. Бұл туралы  ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Baqmedia.kz

Министрдің айтуынша, карантинді бұзудың 773 фактісі анықталды, оның 77%-ы елеусіз, яғни маска, санитайзерлердің болмауы, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауды бұзу.

«175 өрескел бұзушылық анықталды, оның 152-сі түнгі клубтарда, сауда орталықтары мен мейрамханаларда, 23-і мерекелік іс-шаралара анықталды. Жыл басынан бері Түркістан облысында мобильді топтар бұзушылықтарды белсенді түрде анықтады, бұл ел бойынша анықталған бұзушылықтардың 458-ін  немесе  60%-ға жуығын құрайды», – деді ІІМ басшысы.

Сонымен қатар, Ерлан Тұрғымбаев қазіргі уақытта «қызыл» аймаққа кірген облыстардағы топтардың жұмысының нашарлығын айтты.

«Аталған топтардың жұмыс белсенділігінің төмендеуіне байланысты, азаматтар адамдар көп жиналатын жерлерде маска режимін жиі бұза бастады. Сонымен қатар, тұрғындар арасында вирустың қауіпсіздігі және вакциналардың тиімсіздігі туралы жалған ақпараттың таралу фактілері бар», – деді ішкі істер министрі.

Осыған байланысты Ерлан Тұрғымбаев өңірлердің әкімдіктерімен және  бас санитарлық дәрігерлерімен бірлескен жұмыс аясында мобильді топтардың сауда орталықтарында, мәдени мекемелерде алдын алу жұмыстарына баса назар аударуын, сондай-ақ осы мекемелердің иелерімен шектеу шараларын бұзуға жол бермеу туралы қатаң түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды ұсынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button