Жаңалықтар

Жүйелі есепке алу мақсатында вакцинациялаудың электрондық паспорты әзірленді

Жүйелі есепке алу мақсатында вакцинациялаудың электрондық паспорты әзірленді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында  мәлімдеді, деп хабарлайды Baqmedia.kz

Министрдің айтуынша, вакцинация жүргізу туралы деректер Министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электрондық форматта жүргізілетін болады.

«Пациент және медицина қызметкері ақпаратты m-gov мобильдік қосымшасында қолмен веб-қосымшаға енгізе алады. Жүйе жаһандық ақпараттық жүйелермен интеграциялануға қабілетті және вакцина алған барлық адамдарға талап етілетін жерде ұсыну үшін ақпарат беруге және еркін қозғалуға мүмкіндік береді», – деді министр.

Атап өтсек, 1 ақпанда – егуге жататын халық топтарын КВИ-ға қарсы вакцинациялауды бастау көзделген.

Вакцинациялау вакцинаның келіп түсуін ескере отырып, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте контингенттер мынадай түрде бөлінген:

  • I кезең – инфекциялық ауруханалар, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қарқынды терапия бөлімі, медициналық-санитариялық алғашқы көмек, ауруханалардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері жатады – 100 000 адам — 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап;
  • II кезең – жалпы білім беретін мектептердің, арнаулы орта оқу орындарының, жоғары оқу орындарының педагогтары, ведомстволық медициналық қызметінің медицина қызметкерлері – 150 мың адам — биылғы наурыздан бастап;
  • III кезең – мектеп-интернаттар, балалардың мектепке дейінгі мекемелері педагогтары, студенттер, созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам — биылғы сәуірден бастап;
  • IV кезең – Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметінің қызметкерлері, басқа стационарлардың медицина қызметкерлері, БМДМ персоналы және созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам — биылғы мамырдан бастап;
  • V кезең – медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы, балалардың жабық мекемелерінің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар – 600 мың адам, биылғы маусымнан бастап;
  • VI кезең – тәуекел тобындағы қалған контингент – 600 мың адам, биылғы шілде айынан желтоқсанға дейін.

Осылайша, жыл соңына дейін 6 млн қазақстандыққа вакцина егу жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button