Жаңалықтар

Озық цифрлық технологияларды дамыту – Қазақстан мен Франция серіктестігінің жаңа кезеңінің басым бағыты

Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде еліміз үшін 3D модельдеудің цифрлық шешімдерін жасаған жетекші еуропалық компания– «Dassault Systemes» («Dassault» тобы) компаниясымен келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды Baqmedia.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Компания өзін халықаралық нарықта таныта білген және өткен ғасырдың соңынан бастап американдық «Boeing» авиакомпаниясының, сондай-ақ Сингапур билігінің (қала-мемлекеттің цифрлық егізін жасап шығарған) басты серіктесі болып табылады», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

3D модельдеудің флагманы ретінде компания тау-кен, авиация және көлік секторларынан бастап ақылды қала технологиясына дейін өзінің қызмет көрсету аясын кеңейтті. «Dassault Systemes» Вице-президенті Жак Бельтран қалалық 3DS платформасының функционалдығын таныстырды және ғимараттар мен қалалық инфрақұрылымдар салу жоспарларын жасау кезінде туындайтын мүмкіндіктер туралы айтып берді. Сонымен қатар, платформа құрылыс кезінде жолдағы кептеліс пен автокөлік ағынын болжауға, сондай-ақ ауа мен селдердің ағынын симуляциялауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде Алматы қаласында пилоттық жобаны іске асыру мәселесі зерттелуде.

Қазақстан Елшісі Жан Ғалиев 3D модельдеуді енгізу жобасы мегаполистің заманауи дамуы тұрғысынан қызығушылық тудыратынын және Қазақстан-Франция стратегиялық серіктестігіндегі жаңа кезеңнің басым бағыттарының біріне сәйкес келетіндігін атап өтті.

«Dassault Systemes» инновациялық платформасы Алматы қаласының бауырлас қаласы саналатын Францияның Ренн қаласын басқаруда өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеді.

Француз компаниясы Қазақстанмен тығыз ыңтымақтастық орнатуға дайын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button