Жаңалықтар

Қазақстандық стартаптар 150 миллион теңге ала алады

«Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ (бұдан әрі – QazInnovations) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен инновациялық гранттарға стартап жобаларға өтінімдер қабылдай бастады, деп хабарлайды Baqmedia.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, гранттық қаражатты алудың бұл механизмі пилоттық жобасы болып табылады. Ал 2021 жылғы инновациялық гранттардың басты айырмашылығы инновациялық технологиялары бар стартап-жобаларға бағдар, қаржыландырудың икемді шарттары, құжаттарды жеңілдетілген бастапқы беру, онлайн портал арқылы өтінімдерді қарау және іріктеу мерзімдерінің қысқаруы болып табылады.

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан қаржыландыру үлесі артуда. Енді QazInnovations инновациялық гранты технологияны коммерцияландыруға жұмсалатын жалпы шығыстардың 90%-ын жаба алады, өйткені әлеуетті алушылардың аудиториясы енді ШОБ өкілдерін және 150 миллион теңгеге дейін ала алатын стартаптарды қамтиды.

Өтінімдерді қарау жөніндегі кеңес бірінші кезекте инновациялық экожүйенің өзін дамытуға мүдделі инвесторлар мен коммерцияландыру және инвестициялау тәжірибесі бар тәуелсіз сарапшылардан тұратын болады.

Алғашқы кезеңдерде ондаған жоба 10 миллион теңгеден, ал бір стартап жобаны масштабтауға 140 миллион теңгеге дейін алады.

Грант алу үшін стартапқа шағын кәсіпкерлік субъектісі және прототипі (MPV) болу қажет.

Стартаптар үшін гранттар бөлуге өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылғы ақпанның 1-нен бастап 12-не дейінгі аралығында басталады.

Гранттық қаражатты бөлу процесі

Жоба мәртебесі Акселерациялық кезең Жобаны іске асыру Жобаны коммерцияландыру
Іске асыру мерзімі үш айдан аспау он екі ай тоғыз ай
Гранттық қаражат (теңгемен) 10 миллион  

140 миллионға дейін

 

Инновациялық грантты игерудің жалпы мерзімі 24 айдан аспайды.

Инновациялық грант алған жобалар грант қаражатын игергеннен кейін үш жыл ішінде өнімді өткізуге инновациялық грант сомасының кемінде 10%-на қол жеткізуге қарсы міндеттеме алады. Мемлекеттік ресурстарды жосықсыз пайдалануды болдырмау үшін грант алушылар тарапынан міндеттемелерді сапасыз немесе уақтылы орындамағаны үшін жауапкершілік көзделген.

Инновациялық грантты алу процесі туралы қосымша ақпаратты мына ресми сайттан алуға болады: https://qazinn.kz/

Басқа жаңалықтар

Back to top button