Жаңалықтар

Демалыс күндері ел аумағындағы ауа-райы қандай болады?

28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Baqmedia.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қараша айының соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады.

Ол өзімен бірге қар әкеледі, жекелеген өңірлерде қалың қар жауады. Сондай-ақ көктайғақ болып, боран соғады. Жел күшейеді.

Алайда кезеңнің ортасынан бастап ауа райын кең антициклон анықтай бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close