Жаңалықтар

2025 жылға дейін жолаушылар теміржол паркі 600 жаңа вагонмен толығады

“Жолаушылар тасымалы” АҚ паркін жаңарту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жыл сайын 100 жаңа вагон сатып алу көзделген. Биыл сатып алынған 50 бірлік қазақстандықтарды тасымалдауда, деп хабарлайды Baqmedia.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вагондар келесі бағыттар бойынша бөлінген:

Нұр-Сұлтан – Арқалық (14),

Нұр-Сұлтан – Семей (8),

Атырау – Маңғыстау (18),

Алматы – Жезқазған (10).

Ағымдағы жылдың соңына дейін Қызылорда – Семей,

Алматы – Өскемен, Нұр-Сұлтан – Семей, Алматы – Маңғыстау бағыттарының жолаушыларын қуантатын тағы 50 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр.

Өткен жылы “ҚТЖ” ҰК ” АҚ 109 вагонды жаңартты.

Осы уақыт ішінде жүк темір жол көлігімен 340 млн тонна жүк тасымалданды. Жүк айналымы 247,8 млрд ткм деңгейінде тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6% – ға артты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button
Close